28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПеризат Қайратқа қатысты 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен қозғалған қылмыстық іс наурыз айында аяқталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.
Іс аяқталу сатысында тұр. Жақын уақытта біз тергеудің аяқталғанын ресми түрде жариялап, наурыз айының соңына қарай тараптардың іс материалдарымен танысу кезеңіне өтеміз. Іс материалдарымен танысу қанша уақытты алады – нақты айту қиын, себебі бұл қылмыстық процеске қатысушыларға байланысты. Істе 100-ден астам том бар, оған қоса заттай дәлелдер де бар, – деді Елемесов мәжіліс кулуарында.
Жеңіс Елемесовтің айтуынша, сот Перизат Қайратқа қатысты қамау мерзімін ұзартты, қазіргі уақытта ол қамауда отыр.
Айта кетейік, 2024 жылдың 14 қарашасында BizBirgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайраттың 1,5 млрд теңге көлеміндегі қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгені белгілі болды. Ол бұл қаражатты көктемгі тасқыннан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін жинаған. Алайда тергеу мәліметінше, ол қайырымдылыққа жиналған қаражаттың басым бөлігін жылжымайтын мүлік пен қымбат бұйымдар сатып алуға жұмсаған.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?