28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарОқу-ағарту министрлігі Педагогтерді аттестаттау ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Астана қаласындағы педагогтер мен әдістемелік орталықтар қызметкерлерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ережені талқылауға орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдері қатысты.
Мұнда мұғалімдерге Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасында аттестаттаудан өтудің егжей-тегжейлі алгоритмі ұсынылды, тест сұрақтарының мазмұны қарастырылды, педагог-зерттеушілер мен педагог-шеберлердің жұмыс тәжірибесін тарату тәртібі түсіндірілді. Әдістемелік кабинеттер мен орталықтардың әдіскерлерін аттестаттау бойынша да бөлек түсіндіру болды.
Айта кету керек, педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері келесі аптада «Ашық НҚА» порталында танысу үшін қолжетімді болады. Түсіндіру жұмыстары еліміздің барлық аймақтарында жүргізілуде.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?