2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрБиыл сәуір айында басталған «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық байқауының өңірлік кезеңі жалғасуда, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мәліметінше, еліміздің барлық өңірлерінен байқауға қатысу үшін 350 өтінім келіп түскен. Қызығушылық танытушылардың арасында Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының педагогтері белсенді. Өтінімдер бейнесабақтар, бейнедәрістер және практикалық жұмыстар түрінде қабылданады. Ең танымал бағыттар: оқу сауаттылығы, ерте сауаттылық және цифрлық сауаттылық.
Байқау мақсаты – заманауи педагогикалық тәжірибе мен оқушылардың сауаттылығын дамыту саласындағы үздік тәжірибелерді педагогтер арасында тарату.
«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауы ұстаздар арасында үлкен танымалдылыққа ие. Жеңімпаздардың жұмыстары «Өрлеу білім беру арнасы» YouTube-арнасында жарияланады. Барлық қатысушыларға сертификат беріледі және жеңімпаздар 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады. Сондай-ақ марапаттау құжаттары біліктілік санатын тағайындау немесе растау үшін аттестаттау кезінде ескеріледі, – деді Ұлттық біліктілікті арттыру орталығының басқарма төрайымы Айдана Шилібекова.
Өңірлік кезеңге қатысу үшін өтінімдер 15 қазанға дейін ppi.orleu-edu.kz сайтында қабылданады. Қосымша ақпаратты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыстардағы және Шымкент, Алматы, Астана қалаларындағы филиалдарынан білуге болады.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова