Пайдалы ұндар туралы не білесіз?

6 Қаңтар 2021, 16:11 9377

Жоғары сұрыпты бидай ұнының пайдасынан гөрі зияны басым.

 

Сіз қандай ұн тұтынасыз? Жоғары технологиямен өңделген, жоғары сұрыпты ұнның пайдасынан гөрі зияны басым екенінен хабарыңыз бар ма? Ал, пайдалы ұн түрлеріне қандай ұндар жатады және несімен пайдалы? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

 

Қара кебек ұны (ржаная)

 

Ең пайдалы ұн! Құрамы А, В, Е дәрумендеріне сондай-ақ маргенец, темір, калий, цинк сынды минералдарға өте бай.

 

Күріш ұны

 

Байқасаңыздар мен күріш ұнын өте көп тұтынамын. Өте пайдалы ұн. Сондай нәзік әрі дәмді. Көбінесе торт, құймақ, панкейкке күшті. Арықтағысы келетіндер тұтынады. Құрамы дәрумендер мен минералдарға бай.

 

Жүгері ұны

 

Жүгері ұнын да көп тұтынамын. Күріш ұнына қарағанда сәл нығыздау келеді. Бірақ өте дәмді. Жүгері қаншалық пайдалы болса, ұнтақталған ұны сол құнарлылығымен ерекше.

 

Кокос ұны

 

Кокос ұны өте нәзік. Бір өзімен тағам пісіру күрделі процесс, себебі бірігуі қиындау. Десе де клечатқаға өте бай тағам. Қандағы холестеринді қалыпты етеді, антиоксидантқа бай. Ұн құрамындағы май көрсеткішінің жоғарылығына қарамастан, гликимиялық индексі төмен. Ішек жұмысына пайдасы зор. Калориясы аз.

 

Бидай ұны несімен зиян?

 

Жоғары сортты бидай ұны несімен зиян деген сауал туындауы мүмкін. Жауабын іздеп көрейікші.

 

 

 

 

Ең бастысы жоғары сұрыпты бидай ұны жылдам көмірсуға жатады. Яғни ағзадағы су өз міндетін атқаруға қауқарыз болып қалады.

 

Ұнның құрамындағы пайдалы дәрумендер мен минералдар оны өңдеу барысында жоғалып кетеді. Сол үшін мүмкіндігінше өңделмеген ұн тұтынған абзал.

 

Көп жағдайда өндірушілер жоғары сұрыпты ұнның өңін аппақ шатырдай ету үшін әрі мейілінше ұнтақ болуы үшін өңдеу барысында Е 930 (калций перекисі) мен Е 928 (бензоил перекисі) сынды бояғыштар қосады.

 

Ұнды көп тұтынамыз, себебі нан, бауырсақ тізе берсек көпшілігіміздің сүйікті тағамдарымыздың басым көпшілігі ұнсыз жасалмайды. Десе де осы ақпараттан кейін сіз ойланатын боларсыз.

 

Ал, бүгін пайдалы ұн түріне жататын күріш ұнының денсаулыққа пайдалы тұстарын толық тарқатуға тырысып көрейік.

 

Күріш ұнының құрамы

 

Күріш ұнының құрамында пайдалы дәрумендер мен микроэлементтер көп.

 

Өнімнің жүз граммының құрамында:

 

Темір - 0,35 мг

 

Фосфор - 98 мг,

 

Кальций - 10 мг,

 

Магний - 35 мг,

 

Мырыш - 0,8 мг

 

Селен - 15,1 мкг

 

Мыс - 0,13 мг

 

Калий - 76 мг,

 

Марганец - 1,2 мг.

 

Дәрумендер:

 

В6 - 0,436 мг

 

Токоферолдар (Е витамині) - 0,11 мг

 

Рибофлавин - 0.021 мг,

 

Холин - 5,8 мг

 

Ниацин - 2,59 мг.

 

Липидтер:

 

Қаныққан май қышқылы - 0,386 г

 

Моноқанықпаған май қышқылы - 0,442 г

 

Жартылай қанықпаған майлы қышқылдар - 0,379 г

 

Күріш ұнының энергетикалық құндылығы

 

Күріш ұны - қар-ақ, жұмсақ сондай-ақ ұнтақ болып келеді. Белгілі бір иісі немесе дәмі болмады.

 

100 грамм күріш ұнының құрамында:

 

Көмірсулар - 80 грамм;

 

Ақуыз - 5,9 грамм;

 

Май - 1,42 грамм;

 

Су - 11 грамм;

 

Талшықты - 2,4 грамм болады.

 

Күріш ұны 80 пайызы крахмалдан тұрады. Құрамында глютен жоқ.

 

Ерекшелігі:

 

 

Бақытгүл Абайқызы
Бөлісу: