30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты1. Базарға барар алдында, қанша ақша жұмсай алатыныңызды анықтап алыңыз және іздеген нәрсеңізді бірден сатып алуға асықпаңыз. Алдымен жаңа және ескі доңғалақтар тысының бағаларын сұрастырып, салыстырыңыз. Есіңізде болсын, бағалары бірдей төменгі санаттағы жаңа шина мен бұрын қолданылған қымбат шинаның арасынан жаңасын таңдаған жөн. Өзіңізге «шинаны қай жерден сатып аламын?» деген сауалға жауап беріңіз. Оның жолдары көп: газет беттеріндегі жарнамалар арқылы, ғаламтордан, көлік базарынан, автокөлік сервисінен, таныстарыңыздан және т.б. «Оң» және «теріс» тұстарын таразылаңыз.
2. Шиналарды қарау кезінде сатушыдан не үшін сатып жатқанын сұраңыз. Егер сатушы әлі де қолдана тұруға болатын бір маусымның шиналарын сатып жатса, абай болыңыз, оның көзге көрінбейтін кемшін жерлері болуы мүмкін. Осыған дейін қандай жөндеулер жасалғанын да біліп алыңыз. Есіңізде болсын, шинаның бүйір жағында тілік не тесік болса, тіпті оны жапсырып қойғанның өзінде, бұндай шиналар жолға жарамсыз болып табылады.
3. Әрбір доңғалақтың шыққан жылын тексеріңіз (ол шинаның бүйірінде көрсетілген). Кейде саудагер бірдей модельдегі шиналардан комплект жасайды (бірақ оларды қосалқы доңғалақтардан жинайды). Бұл жағдайда, доңғалақтардың шыққан жылдары бір-бірімен сәйкес келмейді, яғни олар әртүрлі көліктерден алынған. Сапасы мен пайдаланылған мерзімнің әртүрлі болуынан, пайдаланылған шиналар көпке шыдамайды.
4. Ұнатқан тауарды мұқият қарап шығыңыз. Ішкі және сыртқы бүйірлерінде ұсақ жарықтар, арнайы герметиктің іздері (вулканизирующая паста), шинаның ішкі жағында жамаулар мен балқытуларыдың іздері, әсіресе радиальді дөңгелектерде болмау керек (протектордың сырт жағында бола береді). Бұл аталғандар көлікке жүк тиегеннің өзінде, қозғалыс кезінде дисбаланс тудырады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды