Павлодарлық өндіріс орны жарты млрд теңге салықтан жалтарған

3 Ақпан, 23:40 889

Павлодар облысының прокуратурасы жарты миллиард теңгеден астам салық төлеуден жалтару фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жіксіз болат құбырларын өндіруші «KSP Steel» ЖШС ПФ төмен ставка бойынша қоршаған ортаға эмиссия  үшін төлем жасаған. ЖШС қауіпті қалдықтардың тоннасы үшін 1 АЕК орнына 0,038 АЕК мөлшерлемесін қолданған. Бұл арқылы 113 мың тонна қожды орналастырғаны үшін 567,2 млн орнына 9,7 млн ғана төлеген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кірістер органдары кәсіпорынға 557,5 млн қосымша есептеген. Онымен ЖШС келіспеген және фискалдық органның актісіне соттарға шағымданған.

2024 жылғы 30 қаңтарда Жоғарғы сот облыс прокуратурасының кассациялық өтініш хатын қанағаттандырып, жоғарыда көрсетілген сомаларды бюджетке өтеу туралы шешімді күшінде қалдырды делінген облыстық прокуратура мәліметінде.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: