Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекЖоба әзірлеушілердің идеясы бойынша бұл мобильдік қосымша арқылы павлодарлық нарықтағы барлық бос жұмыс орындары мен қызмет көрсету туралы ұсыныстарды бір дерекқорға жинауға болады. Оған қоса, бұл бағдарлама пайдаланушыға қажетті жұмыс орнының пайда болуы немесе қажетті маман туралы хабарлама жіберетін болады.
– Мысалға, электрикті жұмысқа алу жөнінде хабарландыру пайда болысымен осы жұмысқа қызығушылық танытқан пайдаланушыға push-хабарлама келетін болады, – дейді жоба авторы Әнуар Жұмаділов. – Дизайнерге немесе басқа сала маманына өз хабарламасы келеді, яғни, бұл жерде мақсатты бағыттылық болады.
IT- мамандар аталмыш қосымшаны «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында өтеусіз грант алған соң іске қосуды жоспарлап отыр. Грантқа қол жеткізуге 89 кәсіпкер үміттенген болатын. Конкурстық комиссия Павлодар облысына 20 миллион теңге бөлінгенін есепке ала отыра, сегіз жобаны таңдап алды. Олардың ішінде ащытқысыз нан пісіру, киізден киім жасап шығару, жарықдиодты шамдалдар өндірісі және басқа да жобалар бар. Олардың әрқайсысы 3 миллион теңгеден алатын болады. Аймақ басшысы жобаларды кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесіне бекітуге бермес бұрын бұл жобалардың жұмыс істейтініне көз жеткізу қажет екенін атап айтты.
– Грант алуға ұсынылған жобаларды тексеру керек. Орындардағы басшылар бұл жобалардың бұдан былай жұмыс істейтініне кепілдік берулері тиіс. Жобаны не күтіп тұрғанын анық білулері және ол жобалық қуатқа шыққанға дейін жобаны сүйемелдеулері қажет.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес