2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліПавлодарлық полицейлер 10 келіден астам түрлі есірткі және 20 тонна түрлі прекурсорлар тәркіледі, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
– Полиция қызметкерлері есірткінің заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесті, дәріханаларды, дәріхана қоймаларын, емдеу-профилактикалық мекемелерді және есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыратын өнеркәсіптік объектілерді тексерді, – деп хабарлайды Павлодар облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Сәния Ахметжанова.
Нәтижесінде есірткі құралдарының айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдаланудың техникалық нығайтылуы мен қағидаларының бұзылуы, есірткі құралдарын өткізудің 2 фактісі және есірткі құралдарының контрабандасы анықталды. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297 және 286-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
– Айналымнан 10 келіден астам түрлі есірткі құралдары және 20 тоннадан астам түрлі прекурсорлар алынды. Барлық фактілер бойынша материалдар анықталған бұзушылықтарды қарау үшін Павлодар облысы бойынша Фармация комитетінің департаментіне жолданды, – деп атап өтті тәртіп сақшысы.
Сонымен қатар, дәрігерлердің рецептісіз дәрі-дәрмектерді сатудың 5 фактісі анықталды, оларға қатысты ҚР ӘҚБК 426-бабы бойынша әкімшілік материалдар құрастырылды.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс