30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыПавлодар қаласының прокуратурасы қалалық балабақшалардың азық-түлік өнімдерін жоғары бағамен сатып алу фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Прокуратура мәліметінше, №23 бөбекжай мемлекеттік сатып алу порталында 18 000 литр сүт 50 620 500 теңгеге, яғни литрі 2 812 теңгеден сатып алу туралы хабарландыру жарияланған.
Ал осыған ұқсас сүттің нарықтағы орташа бағасы (майлылығы – 2,5%) литріне 345 теңгені құрайды.
№23 бөбекжай-бақшаның литрі 2 812 теңгеге сүт сатып алуы 44 410 500 теңге көлемінде бюджет қаржысын артық және негізсіз жұмсауға себеп болып отыр, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар тағы бір бөбекжайда картоптың келісін 1340 теңгеге алмақ болған.
№102 бөбекжай жалпы сомасы 19 455 783,6 теңгеге немесе 1340 теңге/кг-ға салмағы 14 520 кг картоп сатып алмақ болған. Ал қала дүкендерінде картоп 120 теңге/кг (әлеуметтік Баға) және жеке меншік дүкендерде 380 теңге/кг бағаға сатылады, - деп қосты облыстық прокуратура.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды