Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Аққулы ауданындағы аурухананың жылу жүйесін жөндеу қажет, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«AMANAT» партиясы облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Света Абдраманова мен облыстық мәслихат депутаты Асылбек Туғанбай Аққулы ауданына барып, жергілікті аурухананың жағдайымен танысты. Олар медициналық мекеме дереу шешуді қажет ететін күрделі мәселелерге тап болғанын анықтады.
Негізгі мәселелердің бірі – қыс мезгілінде мекеме ішіндегі төмен температуралық режим. Кейбір кабинеттер мен палаталарда температура +10 градустан аспайды, бұл пациенттер мен қызметкерлер үшін ыңғайсыздық пен денсаулыққа қауіп төндіреді. Аурухана ғимараты өте суық және жылу жүйесін жөндеуді қажет етеді, – дейді партиялықтар.
Аурухананың тағы бір мәселесі – білікті кадрлардың, әсіресе тар ауқымды мамандардың жетіспеушілігі. Бұл мәселе тек Аққулы ауданы үшін ғана емес, облыстың барлық аудандары үшін де өзекті. Халықпен кездесу барысында білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істей алатын жас мамандарды тарту үшін барлық жағдай жасалмайтындығы атап өтілді. Мұның себептерінің бірі – тұрғын үй жағдайлары мен пәтер беру мәселелері.
Мұндай жағдайда пациенттерді қамтамасыз ету, медициналық қызметкерлермен жұмыс істеу, жаңа кадрларды тарту өте қиын. Біз тиісті ұсыныстарды ведомстволық органдарға береміз, бұл мәселе шешілмеген күйінде қалмайды. «AMANAT» партиясы бұл мәселелерді ерекше бақылауға алады, – деп қорытындылады депутаттар.
«AMANAT» партиясының мүшелері аурухана мәселелерін қысқа мерзімде шешу қажеттігіне назар аударды.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді