28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарІшкі істер министрі Марат Ахметжанов Павлодар қаласына жасаған жұмыс сапары аясында өңір әкімі Асайын Байхановпен бірге Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқу орнында Ұлы Отан соғысының қатысушысы, КСРО және Қазақстан ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақ КСР Ішкі істер министрінің орынбасары Ахмет Тұмарбековтің құрметіне арнайы кабинет ашылды.
Кабинеттің ашылу рәсіміне полиция қызметкерлері, мектеп оқытушылары мен оқушылары, сондай-ақ милиция генерал-майорының туыстары қатысты.
Ахмет Тұмарбековтің ғұмыры еліміздің ішкі істер органдарының кеңестік кезеңдегі тарихымен тығыз байланысты. Ол – қиын сынақтарға мойымай, өмірінің соңына дейін өз ісіне адал қызмет еткен адамдардың бірі. Биыл есімі аңызға айналған генералдың туғанына 100 жыл толады.
«Ахмет Тұмарбекұлының қазақ милициясын қалыптастыруға қосқан үлесі зор. Ол кісі 20 жылдай Қазақ КСР Ішкі істер министрінің орынбасары болды. Шәкірт тәрбиелеп, артында өшпес із қалдырды», – деді Марат Ахметжанов.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?