30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазан айының 27-28 күндері Павлодар қаласындағы Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы-драма театрында «Ғасыр қасіреті» атты спектакль қойылады. Премьера көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың «Нашақор туралы новелла» драмасының желісімен әзірленген.
Театрдың 27-ші өнер маусымында сахналанғалы отырған спектакльдің желісінде қазақ қоғамының бас ауруына айналған нашақорлық дерті көрсетіледі. Драманың бас кейіпкері – Жылқытай есімді бір үйдің жалғыз баласы. Яғни, есірткіге тәуелділік оның бүкіл өмірін ойран, тағдырын талқан етеді. Сондай-ақ, аялап баққан ата-анасының басына да арылмас қайғы әкеледі.
Шығарманың басты мақсаты – есірткінің құрбаны болған тағдырлардың қандай болатынын көрсету және жастарға ой салу. Театрдың баспасөз хатшысы Мұхит Омаровтың айтуынша, қойылымның режиссері – алматылық Ержан Қауланов.
– Бұл туынды біздің көрермендерге алғаш рет ұсынылып отыр, – дейді Мұхит Омаров. – Есірткіге еліктеу, нашақорлықпен ауру бүгінгі қоғамның дерті. Онымен қалай күресуге болады, жастарымызды мұнан қалай сақтандыра аламыз? Осы тектес көкейтесті сұрақтар белгілі жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевты да толғандырған болуы керек. Ал, мұндай спектакль біздің сахнада күнде қойыла бермейді. Сондықтан, жіберіп алмағанымыз жөн.
Әзірлеген Тұмар АСЫЛ
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды