Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПавлодарда облыстық жастар этномәдени бірлестіктері арасында мемлекеттік тілде патриоттық әндердің «Әнімді саған арнаймын, Қазақстан» фестивалі өтті.
Іс-шара қонақтары қатарында Қазақстандағы Польша Республикасының Елшілігінің вице-консулы Норберт Рафалик, Молдова Ұлттық кәсіподақтар конфедерациясының өкілі Елена Каркилан болды. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы - бүкіл қазақстандықтарды тұтас біріктіретін жалпыұлттық институт. Ассамблеяның арқасында біздің жастарымыз өсіп-өркендеп келеді. Бүгінгі жастар арасында отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейтін іс-шара ұйымдастырылып өткізілуде», - деп атап өтті аймақтық ҚХА хатшылығының меңгерушісі С.Жетпісбаев фестивальді ашу салтанатында.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген фестиваль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналды. Патриоттық әндер фестивалі жастарға қолдау көрсету, оларды патриоттық рухта тәрбиелеп, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған.
Фестиваль соңында қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек