6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБәйге «Құлагер» ипподромында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Ат жарысы қала күніне орай ұйымдастырылды. Бәйгені көруге келген павлодарлықтар мен қонақтар үшін лотерея ойнатылды. Сегіз шақырым қашықтықтағы өткен құнан бәйгеде алғашқы болып қарағандылық жігіт Самбалақ атты тұлпарымен жетті.
Ал 24 шақырымдық ат жарысы қатысушыларға оңай берілмеді. Кейбір сәйгүліктер орта жолда шаршап, бәйгеден шығып қалды. Аламан бәйгеде шабандоз баланың төзімі, тақымының мықтылығы да сынға түседі. Галицкий ауылының тумасы Аян есімді бала Сафлор тұлпарымен қиынға соққан жарыста жеңіп, мәреге бірінші болып келді. Жасөспірім бәйгеде 1,5 миллион теңге ұтты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі