12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікПавлодарда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, 21 қазанда сағат 06:20-да Павлодар – Успен автожолында, Мойылды кентінің жанында Toyota Alphard көлігінің 31 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, кюветке аударылып кетті. Жол – көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, жарақат алған жолаушы ауруханаға жатқызылды.
22 қазан күні сағат 18:20-да Гагарин көшесіндегі 65-үйдің жанында Камаз көлігінің 58 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Сол күні, сағат 20:23-те Ледовск көшесінде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы туралы хабарлама келіп түсті, онда Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасынан кейін белгісіз бағытта қашып кетті.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Айманов көшесіндегі патрульдік полиция батальонының автопатрулі 56 жастағы жүргізушіні ұстады, медициналық куәландыру қорытындысы бойынша “орташа дәрежеде” алкогольдік масаң күйде болды.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ЖКО фактілері бойынша тексерулер жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер