7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Павлодарға 12 жаңа жайлы автобус жеткізілді. Олар жақын күндері «Таксомотор» ЖШС қызмет көрсететін 003 бағыты бойынша жүре бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа көліктер қозғалыс аралығын 10 минуттан 8 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. 57 орындық автобустар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жиналмалы аппарельмен жабдықталды. Жолаушылардың жайлылығы үшін кондиционерлер, гаджеттерді зарядтауға арналған USB-порттар және салонға орнатылған 7 бейнекамера қарастырылған көрінеді.
Қала тұрғындарымен қатар, павлодарлық «Ертіс» футбол клубының ойыншыларына да жаңа жайлы автобус сыйға берілді. Көлікті «№1 автобус паркі» ЖШС демеушілік етіп сатып алған.
43 орынға арналған Yutong маркалы автобус шалқаймалы орындықтармен, аяққа арналған жастықтармен, кондиционерлермен және тоңазытқышпен жабдықталған.
Облыс әкімі Асайын Байханов клубтың 60 жылдық мерейтойы қарсаңында мұндай сыйлықтың маңыздылығын атап өтті.
Өткен жылы «Ертіс» екінші лиганың чемпионы атанып, маусымды бірінші лигаға шығумен аяқтады. Ендігі мақсатымыз – 2025 жылы Премьер-лигаға оралу. Осы автобуспен сырт алаңдағы ойындардан тек жеңіс әкеледі деп сенемін, - деді ол.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?