Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодарда жалған еңбек шарттарын жасаған әйел бюджеттен 19 млн теңге жымқырған. Қылмыстық құқық бұзушылыққа жол берген азамат бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
62 жастағы Павлодар тұрғыны, 1, 2, 3-топтағы мүгедектер бірлестігіне жіберілетін, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауын, мүгедектерді еңбекке, мәдениет және спортқа баулуын, олардың әлеуметтік оңалтуын, интеграциясын және басқа да көмектеріне қолдау көрсететін корпоративтік қордың президенті болған.
Сотталған азамат өзінің қызметін асыра пайдалана отырып, қордың вице-президентімен бірге, заңсыз баю мақсатында мүгедектерге көмек көрсететін адамдарға қызмет көрсетудің ақысын төлеу үшін бюджет қаражатынан алаяқтықпен жымқырған. Олар осы ұйымда жұмыс істемейтін адамдармен жалған еңбек шарттарын рәсімдеді.
Осылайша, бюджет қаражатынан 19 млн теңгеден қаражатты қалтаға басқан. Сот сотталған азаматты ҚР ҚК-нің 190-бабымен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және оған 5 жыл мерзімде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, мемлекеттік қызмет саласында 5 жылға дейін қызметпен айналысу құқығынан айырды.
Сотталған өзінің кінәсін түсініп, жасаған ісіне өкінді. Абай облысы бойынша әйелдер колониясына келген күннен бастап мекеме қызметкерлері сотталушының құқықтары мен міндеттерін түсіндірді, – деді мекеме бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Анар Сабиева.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?