Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПавлодар қаласындағы Достық үйінде «Мерказ» еврей этномәдени орталығы «Ханука» мейрамын атап өтті.
Іс-шара барысында «Маоз цур» әні орындалып, «Ханука» мейрамының тарихы баяндалды. Көрермендер арасында Ханука туралы викторина ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Көрермендер назарына «Ханука» мейрамының шығу тарихы, тойлану дәстүрі мен ұлттық тәтті тағамдар ұсынылды.
Дәстүр бойынша, Ханука сегіз күн бойы аталып өтіледі. «Ханука» сөзі иврит тілінде екі бөліктен тұрады. Бірінші «Хан» сөзбе-сөз «олар бейбітшілікке жетті» дегенді білдіреді. Екінші, «ка» - бұл әріптердің жиынтығы, олардың сандық мәні - жиырма бес. «Ханука» сөзі «адалдық» дегенді білдіреді. Хануканы атап өту кезінде сегіз күн бойы шамдар жағылады. Олар әдетте үйдің тамақтанатын бөлмесінде көрнекті орынға орнатылады.
Шара барысында облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі С. Жетпісбаев қонақтарды мерекемен құттықтады, еврей орталығының жұмысын атап өтіп, оларға табыс тіледі.
«Мерказ» еврей этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдары («Тэйбэлах», «Анахну», «Тапуах», «Мазаль») өздерінің әдемі билері мен әндерін ортаға жайып салды
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек