Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, зардап шеккен жаяу жүргіншінің оң жақ бұғанасы сынған.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 18 шілдеде сағат 11:00 Павлодарда Аймауытов - Қамзин көшелер бойымен келе жатқан Toyota Corolla маркалы автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен зейнеткер бағдаршамның жасыл түсі жанып тұрғанда жолдан өтіп бара жатқан.
Жол апаты бойынша тексеру жүргізіледі, сараптама тағайындалды, - деп хабарлады полиция департаменті.
Павлодар облысының жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем көлігі екі минутта жетті. 72 жастағы ер адамды №1 қалалық ауруханаға жеткізді.
Ер адам көп жарақат алған. Оң жақ бұғана сүйегі сынған, кеуде қуысы жарақаттанған, - деп хабарлады аурухана қызметкерлері.
Қазір науқас тұрақты жағдайда политравма бөлімінде ем алып жатыр.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары