14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Павлодардың № 33 орта мектебінде болған оқыс оқиға туралы қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
«23 қыркүйек күні сағат 11:00 шамасында Ленин кентінде Макаренко көшесі, 14 мекенжайындағы №33 орта мектепте белгісіз біреу 2-қабаттың дәлізіне баллоннан бұрышты сұйықтық шашқан», - деді басқарма басшысының орынбасары Тілекжан Галлямов.
Оқиға орнында екі жедел жәрдем көлігі, алты полиция қызметкері және Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері жұмыс істеді. Мектеп ғимаратынан 672 оқушы эвакуацияланды. 15 бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта балалар ауруханадан шығарылған.
«Барлығы – 4а және 4б-сыныбы оқушылары. Ауыр жағдайда түскен балалар болған жоқ, оқушыларды педиатрлар қарап шықты. Екі балаға орташа ауырлықтағы улану диагнозы белгіленіп, ауруханаға жатқызу ұсынылды, ем тағайындалды, система қойылды. Дегенмен, жағдайлары жақсы болған соң ата-аналары ауруханаға жатқызудан бас тартты», - дейді басқармадан.
Кейбір балаларда жеңіл дәрежеде улану белгілері байқалса, енді бірінде ешқандай белгілер болмаған.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды