Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары«Қайырымдылық керуені» іс-шарасы аясында облыстық ҚХА мүшелері, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі және «Жаңғыру жолы» белсенділері Павлодар қаласындағы Аналар үйінде болып, сәбилер арасында «тұсау кесу» рәсімін өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.
Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ адамға қидырады. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді.
Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.
Аналар үйіндегі көңілді мереке концерттік бағдарламамен жалғасып, бүлдіршіндер мен аналарға жұмсақ ойыншықтар мен «Сарқыт» сыйлықтары таратылды.
Биылғы жылы «Қайырымдылық керуені» акциясы «Мейірімділікпен бірлікке» атты ұранмен өтеді.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады