Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарСу ресурстары және ирригация министрлігі заңсыз су алуға қарсы жұмыстарды жалғастыруда. Ертіс бассейндік инспекциясы Павлодар облысының Ақсу қаласындағы ауылдық аймақта және Ертіс ауданында орналасқан үш сорғы станциясын анықтады6 деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тексеру нәтижесі бойынша құқық бұзған барлық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы шамамен 600 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар бассейндік инспекция мамандары өңірдің шаруалары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бассейндік инспекциялардың барлығы суды пайдалану заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Сондай-ақ биыл маусым айында қабылданған суармалы суды пайдалану ережелері, арнайы су пайдалану рұқсатын алу және су үнемдеу технологияларына көшу қажеттілігі бойынша су пайдаланушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Ертіс бассейндік инспекциясының басшысы Медет Жәдігерұлы.
Министрлік заңсыз су пайдалану мәселесімен күресу үшін бірқатар шара қабылданғанын атап өтті. Оның ішінде су заңнамасын бұзғандарға жауапкершілікті күшейту және суармалы суды пайдалану ережелері бар. Бұл ережелерге сәйкес, тиісті келісімшартсыз су тұтынғаны немесе су жеткізушімен келіспей егіс дақылдарының түрін өзгерткені үшін айыппұл салынады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?