Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыУланған тұрғындардың барлығы ауруханаға жатқызылды. Олардың екеуі сальмонеллез инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, уланғандардың барлығы өнімді бір жерден сатып алған. Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары улану фактісі бойынша құймақ сатылған сауда нүктесін тексеріп шыққандарын, бірқатар заңбұзушылық тіркелгенін мәлімдеді.
Павлодар қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәлімдеуінше, құймақтан улану фактісі бойынша 4 адамның шағымы тіркелді. Тұтынушылардың барлығы өнімді Академик Шөкин көшесі, 100/1 мекенжайында орналасқан сауда нүктесінен сатып алған.
Олардың екеуінен сальмонеллез жұқпасы анықталып, ауруханаға жатқызылған. Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы аталған оқиға бойынша өз құзырет шегінде жоспардан тыс тексеру жүргізді. «Eco bazaar» сауда үйінің аталған өнім түрлері сатылатын нүктесі тексеріліп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпкерлік нысанындағы сапаны бақылайтын маманға қатысты әкімшілік шара қабылданып, кемшіліктерді тез арада жою туралы ұйғарым берілді, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған өнім түрі сатылымнан алынып тасталған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары