Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПавлодарда пәтерден өрт шығып, үй иесі қайтыс болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Түнде сағат 00:37-де 101 пультіне Сұрағанов көшесі, 22 мекенжайы бойынша пәтерден түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Құтқарушылар дереу оқиға орнына келген кезде бесінші қабатта орналасқан үш бөлмелі пәтерде үй заттары, жиһаздардың жанып жатқаны, пластикалық терезелер балқып кеткені анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметі 1977 жылы туған пәтер иесін ес-түссіз күйде шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды.
Сағат 01:15-те өрт сөндіру қызметі тұрғын қаза тапқанын мәлімдеді. Өрттің шығу себебі, темекіні тұтату кезінде отты дұрыс пайдаланбағаны белгілі болды.
Өрт сөндірушілердің күшімен сағат 00:59-да өрт толығымен сөндірілді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары