28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПавлодар облысында Ертіс өзеніне батып кеткен кеме капитанының денесі табылды. Құтқарушылар үш аптаға жуық уақыт бойы іздестіру жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы бастығы Ерлан Қасымовтың айтуынша, ер адамның денесі Аққулы ауылынан 60 шақырым қашықтықтағы ағыстан табылған.
Іздеу жұмыстарына жедел құтқару жасағының 10 қызметкері, бір жүзу құралы және екі көлік жұмылдырылған.
Спикердің айтуынша, су лай болғандықтан көру төзімділігін нашар болған. Бұл сүңгуірлердің өміріне қауіп төндірген.
Еске салсақ, біз бұған дейін Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кеткені туралы жаздық. Бұл туралы құтқарушыларға 8 мамырда 23:25-те 102-ден хабарлама келіп түскен.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?