23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Байқау қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеп жатқандар арасында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәлімдеуінше, №45 қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар арасында қолда бар қаражаттан жиналған үздік киіз үйге байқауы өтті.
Байқауға тоғыз жасақ қатысты. Әркім өз өнімін ұсынды. Киіз үйлер сымнан, гипстен, сіріңкеден, қағаздан, киізден, ағаштан және картоннан жасалды. Біреу тек сыртқы макетін жасаса, енді біреуі әшекейлерімен толтыруға тырсты. Сотталғандарға өнімді жасауға тура бір апта уақыт берілді. Байқау Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылды, - деді мекеме бастығының орынбасары Арман Жүсіпов.
Наурыз мерекесі қарсаңында өңірдің барлық колонияларында сотталғандар үшін мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар жоспарланды.
Байқау қорытындысы бойынша сотталғандар таза ағаштан киіз үй жасаған №3 жасақ бірінші орынды иеленсе, екінші және үшінші орынды №7 және 4 отрядтар өзара бөлісті. Жеңімпаз болғандарға қырыну жиынтықтары мен кеңсе керек-жарақтары және мекеме бастығының құқықтарымен көтермелеуі берілді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік