23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Павлодар қаласының №2 сотында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқаруға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жауапкер Qnet-те тәуелсіз өкіл ретінде тіркеліп, 2019 жылы Екібастұз және Павлодар қалаларында кеңсе ашқан. Компанияға жаңа мүшелерді тарту үшін тапқан ақшасы, кірісті қалай арттыру керек екені туралы ақпарат таратқан. Бұл ретте Qnet-тің белгіленген операциялық процедуралар саясаты бұзылған.
2019 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың 12 шілдесіне дейін халық қаржы пирамидасына 5 миллион 983 мың теңге салған.
Сонымен қатар, Ч.-ның электрон поштасындағы мәліметке сәйкес, Ұлттық банктің теңгедегі бағамы бойынша eCard (АҚШ доллары) арқылы төлемнің жалпы сомасы 7 218 823,49 теңге болды, деп толықтырды сот.
Сот сотталушының жасын, жас баласының бар-жоғын ескеріп, мүлкі тәркіленбей, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі қылмыстық-атқару жүйесінде өтеуге үкім етті.
Сондай-ақ, сотталған адам үш жыл бойы азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналыса алмайды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік