12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік29 желтоқсанда патрульдеу кезінде сағат 02.52-де Павлодар қаласында Торайғыров көшесі бойынша патрульдік полиция батальонының инспекторлары 17 жасар жігітті ұстады. Одан МЦ-21-12 тегіс ұңғылы, бір ұңғылы, бес оқпанды мылтық тәркіленді. Бұл ретте мылтық қапталмаған түрде болды.
Кәмелетке толмағанның жанында медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған орташа ауырлықтағы мас болған әкесі болды. Анықталғандай, тәркіленген қарудың иесі – жасөспірімнің әкесі. Оның атына ИЖ-58 тағы бір мылтық тіркелген.
Осы факт бойынша 46 жастағы қару иесіне қатысты қаруды алып жүру ережелерін бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Қолда бар екі қару иесінен тәркіленді. Сондай-ақ иесінің азаматтық қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсатының күші жойылды. Сонымен қатар қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болғаны үшін ер адам жауапкершілікке тартылып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция жыл басынан бері құқықтық 10781 азаматтық қару иесін тексерді. Нәтижелері бойынша 693 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түрлі заң бұзушылықтарға жол берген 13 қару иесінің рұқсаты жойылды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер