Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодарда полицейлер зейнеткерлерге алаяқтардан сақтану жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда егде жастағы азаматтар әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланып келеді және талдау көрсеткендей, соңғы уақытта алаяқтардың құрбаны болу ықтималдығы артып барады. Павлодар қаласының облыстық ардагерлер кеңесінде полицейлер зейнеткерлерге алаяқтардың айла-тәсіліне алданбау жолдарын айтты.
Біз, зейнеткерлер қауіпсіз өмір сүргіміз келеді. Соңғы уақытта алаяқтардың зейнеткерлерді миллиондаған қаржыға алдап кеткенін жиі естимін. Өйткені, біз, қарт адамдар қаржыны “қорға” жинаймыз, ал зиянкестер осыны пайдаланады, – деді Павлодар облысы Ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Валентина Шершнева.
Павлодар қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев пен интернет-алаяқтықтарды тергеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу тобының жетекшісі Ренат Ахметзянов ардагерлерге алаяқтықтың түрлері туралы, азаматтардың ақша үшін қаскүнемдер қолданатын тәсілдер мен амалдар туралы айтып берді. Зейнеткерлерге тәртіп сақшылары күмәнді жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндірді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?