29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПавлодарда пәтерден өрт шығып, 65 жастағы зейнеткер қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖД мәліметінше, бүгін таңғы сағат 04:49-да Рылеев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер үш бөлмелі пәтердің өртеніп жатқанын анықтаған. Өрттің аумағы – 4 шаршы метр, үйдегі заттар, жиһаз бен еден жанған. Тұрғын үйден 17 адам мен 3 бала сыртқа өз күшімен шықты. Мамандардың көмегімен 3 тұрғын шығарылды.
Өртті сөндіру кезінде 1959 жылы туған ер адамның денесі табылды.
Оқиға орнында ТЖД-ның 16 қызметкері мен 4 техника жұмыс істеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек