23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӨрттің шығу себебі анықталуда. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12.43-те «112» пультіне Павлов көшесінде бес қабатты тұрғын үйде пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Шақыруға 18 қызметкер, жедел құтқару жасағы мен апаттар медицинасы орталығы, 5 техника шықты. Өрт сөндірушілер дереу барлау жұмыстарын жүргізді. Екі бөлмелі пәтерде 5 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаздар жанып жатқаны белгілі болды, – деді департаментте.
Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері 1988 жылы туған ана мен 2020 жылы туған баланы құтқарды. Оларды 103 қызметі тексергеннен кейін қалалық ауруханаға жіберілді. Газдан улануы мүмкін деген күдік расталмаған соң екеуі де үйіне шығарылды.
Өрт салдарынан келтірілген шығын көлемі анықталуда.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады