10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМысыққа сірке қышқылын шашып жіберген павлодарлық 86 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Үй жануарының ауыз қуысы мен көз қабығы, тыныс алу жолдары күйген. Өткен жылдың соңында Павлодар қаласындағы көпақабатты үйлердің бірінде әйел адамның мысыққа сірке қышқылын шашып жатқаны жайлы бейнежазба әлеуметтік желіні шарлап кеткен еді. Полицейлер аталған оқиға бойынша тұрғынға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы (Жануарларға қатыгездiкпен қарау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізгенін хабарлаған.
К. жасаған әрекет қылмыстық теріс қылықтар санатына жатады және жазаның балама түрлерін қарастырады. Сот жеңілдететін мән-жайларды, яғни сотталушының кінәсін толықтай мойындауы, асырауында екі жас баласының болуын ескере отырып, К-ға 25 АЕК, яғни 86 250 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады, - делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді