22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚМА «Қамқор» жедел алдын алу шара аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға жеткізілген өнімдердің құнын негізсіз асыра бағалау фактілері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары және «Арт-Class» ЖШС атқарушы директорына қатысты бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Басқарма мемелекеттік сатып алу негізінде «Арт-Class» ЖШС және «Аюм и Д» ЖШС-мен мүгедектерге ноутбук, ұялы телефондарды зағип және саңырау адамдарға арналған бағдармалық қамтамасыз етуге бірқатар шарттар жасағаны анықталды, жалпы сомасы 476 теңден асты.
Бұл арқылы жеткізушіге жалпы сомасы 133 млн теңгеге жуық екенін мәлімделген техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін арзан аналогтарды сатып алу түрінде залал келтірілген.
Сарапшылардың қорытындысы бойыншы қосалқы техникалық құралдардың сипаттамалары конкурстық құжаттаманың техникалық шарттарында көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмеді.
Сонымен қатар, жеткізушіге қатысты банктегі шотқа айырбастау жолмен алынған қаражатты заңдастыру және кәсіпкерлік қызметпен айналысып, 25 млн теңгеден астам пайда табу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сот үкімімен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайыдалды, ал тауар жеткізуші кінәлі деп танылып, оған 7,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Техниканы жеткізушіден мемлекет пайдасына 133 млн теңгеге жуық сомасында азаматтық талап толығымен қанағаттандырылды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев