28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПавлодарда 32 жастағы мопед жүргізушісінен есірткі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, Павлодар қаласындағы Мүткенов көшесінде «Қарасора» іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды ұстады.
Жеке тексеру кезінде оның үстінен екі полиэтилен орамға оралған тыйым салынған заттар табылды. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша 6 орама мен бір пакет, сондай-ақ «зип» пакеттер, электронды таразы және орауға арналған құрылғы тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттардың салмағы 8 грамнан асатын синтетикалық есірткі болып шықты, - делінген мәліметте.
Ұсталған азамат интернет-дүкенде есірткі тасымалдаушы ретінде жұмыс істегенін мойындады. Ол есірткі заттарын жасырып кету арқылы таратуды жоспарлаған.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК бойынша есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті қамауға алынды, қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалар анықталуда.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?