28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПавлодар қаласына жақын орналасқан 10 мыңнан астам тұрғыны бар Ленин ауылының аты Атамекен болып өзгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл аталған ауыл тұрғындарынан Павлодар қаласы әкімі мен облыс әкіміне Ленин атауын өзгерту туралы өтініш түскен көрінеді. Кейін жергілікті басылымдарда атауды өзгертуге қатысты қоғамдық тыңдау өтетіні туралы хабарлама жарияланған.
Жергілікті тұрғындармен талқылауға арналған жиындар өтті. Көпшілікті ақпараттандырып, арнайы топтар құрылды. Осыған қатысты ұсыныстар көп ұсыныс түсті. Жиырмаға жуық атау ұсынылды. Дегенмен жергілікті тұрғындармен өткен жиындарда 7 ұсыныс іріктелді. Оған Қазанғап, Бидайық, Атамекен, Ынтымақ, Қазына, Жетінші ауыл атаулары және атауды өзгертпеу нұсқасы кірді. Одан кейін бүгінгі қорытынды жиында екі атау: Қазанғап би және Атамекенді қарастыру туралы шешім қабылданды, - деді кент әкімі Маржан Алшымбаева.
Қоғамдық тыңдауға кент тұрғындары, жергілікті қоғамдастық мүшелері, жақын ауылдардағы және басқа жақта тұратын ауыл тумалары, сонымен бірге, аталған елдімекенге мүлдем қатысы жоқ адамдар да келген. Жиналғандардың пікірі тыңдалып, шешімді жергілікті қоғамдастық мүшелері шығарды
Дауыс беруге жергілікті қоғамдастықтың 50 мүшесі қатысып, 49 адам Атамекен атауына дауыс берді. Енді заңнама бойынша атауды өзгерту жұмысына 3-6 ай уақыт жұмсалмақ. Бүгінде Ленин атындағы ауыл халқы 10 мыңнан асса оның ішінде 20-дан астам ұлт және ұлыс өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?