12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікПавлодарда жалған нөмірлі көлікті тізгіндеген азамат жауапқа тартылады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар қаласында Малайсары батыр көшесі бойында құқықтық тәртіп сақшылары ВАЗ-2110 автокөлікті ұстады, оның жүргізушісі мемлекеттік тіркеу нөмірлері жалған көлік құралын жүргізген.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (Көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (белгісі) бар көлік құралын жүргізу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қарауға арналған материал әкімшілік сотқа жіберілді.
Нөмірлік белгілерді алып қойды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Осы баптың санкциясы 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 1 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыруды көздейді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер