13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызС. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде шешен, ингуш, қырым татарлары, қарашай және өзге халықтарды күштеп жер аударуын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті.
Университет жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының негізінде ұйымдастырылған шараға «Халкьян барт» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары Шамиль Джабраилов, бірлестіктің белсенді мүшесі Ибрагим Евлоев пен тарихи кезеңнің куәгері Тайсун Альтемиров қатысты.
Шара барысында жиналған қауым тарихтың ақтаңдақ беттерін еске алып, тарихи тұрғыдан бағасын берді.
ХХ ғасырдағы депортацияның тарихтағы ізі өшпес. Бұл кезеңде Қазақ жері мыңдаған азаматты бауырына басты.
Тайсун Альтемиров ингуш халқының Орта Азияға депортациялануы туралы әңгіме өрбітті.
Жиын соңында жиналғандар Қазақстан мультимәдени ел бола тұра, көптеген ұлттардың басын бір арнаға тоғыстырып, тату-тәтті өмір сүріп жатқанын тілге тиек етті. Ұлтаралық ашық диалог көптеген саяси, әлеуметтік мәселелерді шешуге жол ашады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды