Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыПавлодарда полицейлер «граната жармақ болған» 47 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта саперлер жарылғыш затты тексеріп жатыр.
Сағат 11:30-да қалалық полицияға отбасылық жанжал туралы қоңырау түсті. Пәтерде мас адам ұрыс шығарып, гранатаны жарып жіберемін деп айқайлаған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны сабырға шақырып, сөйлесе бастаған. Осы сәтті пайдаланған полицейлердің бірі гранатаны ер адамның қолынан жұлып алып, оны залалсыздандырған.
Барлық арнайы қызметтер оқиға туралы хабардар етілді. Үй тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді, - деп мәлімдеді полицияда.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар