29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПавлодарда дәстүрлі «Бір шаңырақ астында» атты жазғы этникалық мәдениеттер фестивалі өз мәресіне жетті.
Қала күніне орайластырылған ауқымды шараның жабылу салтанаты қалалық мәдени-демалыс саябағында өтті.
Үш айдың ішінде 24 этномәдени бірлестіктер жамағатты өздерінің мәдениетімен таныстырды. Концерт барысында өздерінің салт-дәстүрлері, тілі, ойындары, ас мәдениетімен кеңінен таныстырды. Фестиваль аясында Қымызмұрындық, Сабантой, Қауын мейрамдары қала тұрғындары мен меймандарының көңілінен шықты.
Қазақстан халқы ассамблеясының Павлодар облысы бойынша филиалы төрағасының орынбасары Сейсембай Жетпісбаев этномәдени бірлестіктер белсенділігінің өсуіне, павлодарлықтардың фестиваль жұмысына қызығушылығының артуына баса назар аударды.
«Баршаңызды бүгінгі мереке күнімен, фестиваліміздің аяқталуы күнімн құттықтаймын. Жазғы фестивалімізді өткізу жалғаса берсін, біздің шығармашылық ұжымдарымыздың өнері дамып, Қазақстан гүлдене берсін, достығымыз бен бірлігіміз жараса берсін»,- деп өз сөзін қорытты.
Биыл фестивалдің жұмысына үлес қосқаны үшін этномәдени бірлестіктердің басшылары алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек