Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыОблыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел қызметкерлері есірткі құралдарын пайдалануға арналған притонды жойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қабылданған шаралар нәтижесінде полицейлер заңсыз есірткі мен заттарды бірлесіп пайдалану үшін нашақорларға өз тұрғын үйін берді деген күдікке ілінген 37 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын анықтады.
Тінту іс-шаралары барысында тұрғын үй-жайда жедел қызметкерлер шприцтерді, бос құтыларды, күйе іздері бар ыдыстарды, сондай-ақ есірткіні пайдалану үшін қолданатын өзге де заттарды тауып, тәркіледі.
«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Павлодар қаласы ПБ УҰИ-ға қамауға алынды», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД ЕҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Арсен Айғазин.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар