2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі19 қыркүйек сағат 00.20 шамасында Ақсу өңірінің Достық және Төртқұдық ауылдары арасындағы Қызылорда-Павлодар автожолының 59 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.
– 31 жастағы жүргізуші Toyota Noah автокөлігін тізгіндеп келе жатқанда рөлді басқара алмай, көлігімен шұңқырға аударылдып кеткен. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция автокөлік салонында 11 жолаушы – алты бала және бес ересек адам болғанын нақтылады. Олар өзара туыс болып шықты.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан 16 және 14 жастағы кәмелетке толмаған жолаушылар алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Алты адам, оның ішінде жарақат алған үш кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс