22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды19 маусым күні кешке Павлодар облысында кенеттен басталған жойқын дауыл бірнеше елді мекенге айтарлықтай залал келтірді. Табиғи апат әсіресе Ақсу, Екібастұз қалалары мен Баянауыл ауданын қатты шарпыды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қатты соққан желдің екпіні ғимараттардың шатырын жұлып, ағаштарды құлатып, инфрақұрылымға зиян келтірді. Өкінішке қарай, дауыл салдарынан адам өлімі тіркелді.
Жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға сағат 17:30 шамасында Ақсу қаласында болған. 1968 жылы туған әйелдің үстіне ағаш құлап, қабырғасына зақым келтірген. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер әйелдің оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапқанын растады.
Сол күні шамамен сағат 19:00-де Ақсуда тағы бір оқыс оқиға тіркелді: 2014 жылы туған бала зардап шеккен. Оның қасына ағаш құлап, бел омыртқасына зақым келген. Балаға медициналық көмек көрсетілді, жағдайы қанағаттанарлық, үйінде амбулаториялық ем қабылдап жатыр.
Электр желілері үзіліп, жоғарыда аталған өңірлер жарықсыз қалды. Қазір төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті билік өкілдері апат салдарын жою, зақым келген үйлерді қалпына келтіру және тұрғындарға қажетті көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жергілікті билік тұрғындарды абай болуға, ауа райы туралы ресми ескертулерге құлақ асып, сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды.
Апат айтып келмейді. Сондықтан барынша сақ болайық!, – деді облыстық ТЖД өкілдері.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев