Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПавлодарда дәстүрлі «K-POP STAR KZ 2019» фестивалі өтті. Оның мақсаты - жастарды Оңтүстік Кореяның заманауи мәдениетімен таныстыру. Іс-шара Жастар жылы аясында және Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.
K-поп мәдениеті XX ғасырдың соңында Оңтүстік Кореяда пайда болды. Бұл Батыс электропоптың, хип-хоптың, би музыка мен қазіргі ритм мен блюздің элементтерін қамтитын музыкалық жанр.
Бұл фестиваль 3 жыл бойы өткізіліп келеді және оны өткізу дәстүрге айналды. Бұл жобаның негізін қалаушылар - Қазақстан кәрістерінің жастар қозғалысының павлодарлық филиалы және Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясы.
Аймақтық фестивальге вокалдық және би ансамбльдері, кавер-топтар қатысты.
Қазақстан кәрістері қауымдастығының Павлодар филиалы төрағасының орынбасары Раиса Афанасьева және аймақтың жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Рамиль Смайлов іс-шара барысында мерекеге қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйледеі.
Фестиваль соңында Павлодар облысындағы қазақстандық корейлердің жастар қозғалысының көшбасшысы Меруерт Қартпаева қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі