30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБұрынғы Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің орнында дәрігерлерге арналған жатақхана салынбақ, – деп хабарлайды El.kz порталы Pavlodrnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов мәлім етті.
– Қазіргі уақытта құрылыс басқармасы жобалық сметалық құжаттаманы аяқтап жатыр. Ол жерде дәрігерлерге арналған жатақхана болады. Бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер. Жалпы жүзден астам пәтер салынады, – деді Айдар Сейітқазинов.
Оның айтуынша, бірінші қабатта дәрігерлердің балаларына арналған балабақша салу жоспарланып отыр.
Қазіргі кезде Мир көшесі, 41 көше бойында орналасқан бұрынғы кезде онкологиялық диспансер және провизорлық орталық болған ғимарат бос тұр.
– Бұл ғимарат № 3 емхананың балансында болғандықтан, осы ғимаратты сақтау үшін күзет қойылу қажет, – деді Айдар Сейітқазинов
Спикердің айтуынша, Достық шағын ауданында жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының құрылысы және бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы бой көтереді. Әзірше құрылыс уақыты белгісіз.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды