23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Павлодарда спорт мектебінің бухгалтері сотталды, деп хабарлайды El.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облыстық Туризмді және спортты дамыту басқармасына қарасты «Батыр» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің есепшісі бюджет қаражатын жымқырып келгені анықталған. Ол 8,3 млн теңге көлімінде ақшаны ұрлаған.
«Тергеу барысында айыпталушы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 11 қарашасына дейінгі аралықта білім беру және ақылы қызметтерді көрсетуден, оның ішінде спорттық жабдықтарды, объектілерді жалға алудан, пайдаланудан, конькилерді, шаңғыларды, роликті конькилерді, жүзу бассейндерін жалға беруден түскен ақшаны алып отырған. Алайда, кассалық-кіріс чегін бермеген», – делінген Экономикалық тергеу департаментінің хабарламасында.
Павлодар қаласының №2 соты есепшіні үш жылға бас бостандығынан айырды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік