6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПавлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты сүндеттеу отасы кезінде баланың денсаулығына ауыр зиян келтірген дәрігерге қатысты істі қарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылдың 23 тамызында хирург «сүндетке отырғызу» отасын жасап, салдарынан баланың денсаулығына елеулі зиян келтірген.
Сотта дәрігер өз кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады. Алайда оның кінәсі куәгерлердің айғақтары, сараптама қорытындылары және құжаттық дәлелдермен расталды. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілі мен оның өкілі соттан дәрігерге ең ауыр жаза тағайындауды талап етті. Сот айыпталушының алғаш рет жауапкершілікке тартылуын, үш баласының барын және көрсеткен медициналық көмегін жеңілдететін мән-жай ретінде назарға алды.
Дәрігерге пробациялық бақылау белгілеумен бірге, 1 жылға бас бостандығын шектеу және мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, ол 1 жылға хирургиялық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Шешім әлі заңды күшіне енбеген.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі