Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОблыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жөтел үш аптаға дейін созылады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Жөтел пайда болғанға дейін көкжөтелді басқа жұқпалы аурулардан ажырату қиын болғандықтан, науқас адамдар бір апта ішінде ауруды айналасындағыларға жұқтырады.
Көкжөтел – тыныс алу жолдарының жұқпалы ауруы, Bordetella pertussis спецификалық бактерияларынан туындайды. Инфекция көзі тек адамдар болып табылады. Аурудың бастапқы кезеңінде (катаральды кезең) науқастар ерекше қауіпті, – дейді мамандар.
Инфекция ауа тамшылары арқылы таралады. Әсіресе мектепке дейінгі жастағы балалар жиі ауырады.
Ең жиі кездесетін асқыну – көкжөтел таяқшаларынан туындаған пневмония. Басқа асқынуларға жедел ларингит (көмейдің қабынуы), бронхиолиттер, мұрыннан қан кету, тыныс алудың тоқтауы, кіндік және шап жарығы байқалады. Сондай-ақ энцефалопатия – мидағы қабынусыз өзгеріс пайда болуы мүмкін, бұл өлімге әкелуі немесе кереңдік және эпилепсиялық ұстамалар сияқты тұрақты зақым қалдыруы мүмкін.
Бүгінгі таңда иммундау тәжірибесінде көкжөтелдің алдын алу үшін жасушасыз көкжөтел вакцинасын пайдаланады. Жоғары тиімді вакцина көкжөтел компонентінің төмен реактогенділігіне байланысты вакцинациядан кейінгі ауыр асқынулардың қаупін нөлге дейін төмендетеді.
Екі айлық жастан бастап барлық балаларға көкжөтелге қарсы вакцинация жүргізіледі. Ағымдағы жылы жылы бұл инфекцияға қарсы екпе алмаған балаларда көкжөтел ауруы көбейгені байқалуда.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?