6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӘлеуметтік желілерде Павлодарда болған қайғылы оқиға туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының хабарлауынша, шақырту 30 шілде күні сағат 13:00-де түскен.
Нұрмагамбетов көшесіндегі көпқабатты үйдің бесінші қабатынан әйел екі баласын лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткені туралы өтіп бара жатқан адам хабарлаған. Бірінші кезектегі жеделдікпен оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы жіберілді, – деп мәлімдеді медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Дәрігерлер алты минут ішінде оқиға орнына жеткен.
Екі бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Әйел де ауыр жағдайда Павлодар қалалық №1 ауруханаға жеткізілді, – деді жедел жәрдем өкілдері.
Павлодар облысындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенова хабарлағандай, зардап шеккен балалардың жасы – бір жарым және бес жас.
«Оқиға кезінде пәтерде зардап шеккен үш адамнан басқа ешкім болмаған», – деп нақтылады уәкіл.
Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі