Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Павлодарда ағаш кесіп жатқан үш адамды ток соқты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Усолка шағынауданында болды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Вектор» аялдамасы жанында ағаштарды кесу жұмыстары кезінде көтергіш төмен құлап кеткен.
Ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізу кезінде манипулятордың көтергіші электр желілеріне тиген. Салдарынан 3 адам электр тогынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, – деді департаменттен.
Зардап шеккендердің екеуі – 21, біреуі – 23 жаста.
«112» пультіне қоңырау сағат 09.28-де түскен. Оқиға орнына төрт құтқарушы, Апаттар медицинасы орталығынан төрт қызметкер, «102» және «103» қызметінің мамандары жеткен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 адамның жағдайы ауыр.
Екеуін 30 және 40 пайыз күйік шалған. Үшінші адамды екі пайыз күйік шалған, күйік бөлімшесінде жатыр, – деді басқармада.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары