30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов Естай атындағы мәдениет сарайында қала тұрғындарымен тұрақты кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл әкелінген 110 заманауи автобус үлкен класты маршруттардың жұмысын жақсартты. Ірі тасымалдаушылардың алдына барлық жылжымалы құрамды кезең-кезеңмен жаңарту міндетін қойдым, – дейді Асайын Байханов.
Келесі жылы тағы 50 автобус келеді деп жоспарлануда, олар № 003, 3, 5, 115, 126, 152 бағыттардың қозғалыс кестесі мәселесін шешеді. Келесі жылдан бастап бұл бағыттар әлеуметтік маңызы бар бағыттар тізіміне енгізіліп, субсидиялана бастайды.
Біздің міндетіміз – қоғамдық көлік қызмет сапасын жақсарту. Мемлекет басшысының трамвай паркін жаңғырту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, алдағы екі жылда Еуропалық қайта құру және даму банкімен әріптестік кезінде 70 жаңа трамвай сатып алу мәселесін пысықтап жатырмыз. Оның 30-ын келесі жылы сатып алуды жоспарлап отырмыз, – деді облыс әкімі.
Көліктің осы түрін дамыту үшін келесі жылы жаңа «Достық» шағын ауданының бойында трамвай желісін салуды бастау жоспарлануда.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды